USD
USD
USD

Kids Go Free бағдарламасы аясында 2 мың бала ұшақпен тегін ұша алады

Биыл Kids Go Free бағдарламасы аясында 2 мың балаға ұшақпен тегін сапарлау мүмкіндігі жасалмақ. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kids Go Free бағдарламасы аясында 2 мың бала ұшақпен тегін ұша алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Былтырдан бері осы бағдарламаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 20-ға жуық отандық туристік оператор 700 отбасын қабылдап, оларға турпакет сатып, осы орайда Kids Go Free бағдарламасы аясында 1,5 мың бала ұшақпен тегін сапарлады. Биыл тағы да жаңа туроператорлар қосылады деп ойлаймыз. 2023 жылы 2 мың баланы қамтуды жоспарладық. Егер өтінімдер көп болса, қосымша қаржыландыру мәселесі пысықталады», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Ернұр Кенжебеков ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің әлеуметтік желісінде өткен эфирде.

Өз кезегінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Жүйелік шараларды жүзеге асыру департаментінің директоры Тимур Кожубеков бұл бағдарламаға туроператорлар ерікті түрде қатысатынын айтты.

«Бала санына қатысты шектеу жоқ. Бір баласы бар немесе 3-4 бала тәрбиелеп отырған отбасылар да бағдарламадағы жеңілдіктерді пайдалана алады», - деді компанияның департамент басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев