Қыдырәлі мен Қарақаттың қандай кәсібі бар?
Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұлдызды жұптың бірі Қарақат пен Қыдырәлі. Бүгінде танымал отбасының біріне айналған өнер иелері әншіліктен бөлек, кәсібін дөңгелетіп жүр. Кезінде Қыдырәлі Болманов «АБК» тобының құрылуына сеп болған. Продюсерлікті қолға алған әнші «Ұлытау» этно-рок тобы арқылы жетістікке жетті.
Осы жылы Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі болып тағайындалды. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып, жеке кәсібін дөңгелетіп жүр.
Табыс көзін табуда Болманов қателеспеді. Бүгінде оның «Балбала» ұлттық өнім брендімен шығатын қазақы қуыршақтар дүкендер желісі сұранысқа ие. Қарапайым қуыршақтардың бағасы 2500-8000 басталып жоғарылап кете береді. Ал олардың арасында ең қымбаты «Қарақат» брендімен шығатын қуыршақтар. Мақпал матадан тігіліп, әшекейлері таза күміспен көмкерілген әнші қуыршақ қыздың бағасы да қымбат. Құны 90 000 теңге тұратын туынды басынан аяғына дейін қолмен жасалады екен.
Одан бөлек, «Балбала» ұлттық өнім брендімен шұлықтар өндіретін фабрикасы жұмыс істейді. Болманов жары Қарақат Әбілдинаға «Қарақат өнер мектебін» ашты.
Сонымен қатар жұлдызды жұптың меншігінде «Мырза» және «Ханым» атты ерлер мен әйелдерге арналған киім дүкендер желісі бар. Тойдан бөлек, кәсібі арқылы пайдаға кенеліп, екі есе табыс тауып жүрген өнерлі отбасы көпке үлгі болса игі.
«Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін» демекші құрметті оқырман сізде өз бизнесіңізді қолға алып, кәсіп түбі – нәсіп екенін ұмытпаңыз!