USD
USD
USD

ҚХП-ның жаңа төрағасы: Дариға Назарбаевамен ешқандай туыстығым жоқ

Қазақстан халық партиясының (ҚХП) жаңадан сайланған төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов өзін Дариға Назарбаевамен байланыстыратын қауесеттерді жоққа шығарды. 

.
Фото: ҚХП баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Шоқановтың тұңғыш Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаевамен туыстық байланысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Оның айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Бұл ақпарат бұрыннан тарап келеді. Менің Дариға Назарбаевамен ешқандай байланысым жоқ. Қазақстан – шағын мемлекет, мұндай дүниені тексеру қиын емес. Менің Дариға Нұрсұлтанқызымен де, басқа да саяси тұлғалармен де ешқандай туыстық байланысым жоқ», – деді Шоқанов.

Еске салайық, Нұрсұлтан Шоқановтың Қазақстан халық партиясының төрағасы болып сайлануы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Бұған дейін оның блогер ұлы да белгілі бір медиа жобада мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқытпайтынын айтып, басы дауға қалған еді. 

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрт оқшауланды

.

«Енді асыға оралатын үйім бар»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлады

.

Құрылтай сайлауына Грузия, Иран, Швеция және Қырғызстаннан байқаушылар қатысады

.

ШҚО-да жүргізуші куәлігін алмақ болған ер адам 6,6 млн теңгесінен айырылған

алаяқтық