Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

КХДР-ның 30-ға жуық әскери күштері Оңтүстік Кореямен шекарадан өтті

Корея Халық Демократиялық Республикасының шамамен 30 әскери қызметкері межелген шекара сызығын ескерту хабарламаларына қарамастан кесіп өтіп, Оңтүстік Корея әскері ескерту оғын атқан. Бұл туралы БҰҰ-ның Бітім комиссиясы жанындағы тергеу тобына сілтеме жасап, Yonhap агенттігі хабарлады.

КХДР
Фото: Yonhap

Алматы, NEGE. Бұл мәлімдеме бір күн бұрын Пхеньянның Сеул әскерін сынға алғаннан кейін жасалды. Өткен аптада оңтүстіккореялық әскерилер шекара маңында жұмыс жүргізіп жатқан КХДР жауынгерлеріне қарай 10-нан астам ескерту оғын атқан болатын.

— «Оңтүстік Корея күштері солдаттарды бірнеше рет ескертіп, әскери демаркациялық сызықты кесіп өтпеуді талап етті. Бірақ олар реакция білдірмеген соң, белгіленген аймақта ескерту оғы атылды. Сол арқылы сарбаздар солтүстікке қайтарылды», — делінген БҰҰ комиссиясының мәлімдемесінде.

Сонымен бірге құжатта КНДР алдын ала белгілі бір учаскелерде құрылыс жұмыстарын жүргізетіні туралы ескерткенін атап өтілген.

— «Тергеу тобы алдын ала ескертулер мен диалогтың маңызын мойындайды. Бұл түсінбеушіліктер мен кездейсоқ қақтығыстардың алдын алады», — деп көрсетілген хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылдың сәуірінен бері КХДР әскері шекара маңында тікенекті сымдар мен танкіге қарсы кедергілер орнатып келе жатқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш