USD
USD
USD

ҚФФ президенті ата-анасының бизнесіне қатысы жоқ екенін айтты

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Алматы облысындағы «KZ Recycling» қағаз зауытына қатысты дауға алғаш рет пікір білдірді.

.
Фото: ҚФФ

Астана, NEGE. «KZ Recycling» зауыты оның анасы Шолпан Омароваға тиесілі.

Алайда ҚФФ президенті бұл бизнеске еш қатысы жоқ екенін айтты.

«Мен бұл ақпараттан хабарсызбын. Ата-анамның бизнесіне араласпаймын, ішкі жұмыстарын талқыламаймын. Олардың кәсібіне ешқандай қатысым жоқ. Жеке өзімнің ешқандай зауытым жоқ, ондай кәсіпорындарда үлесім де жоқ», – деді Марат Омаров.

Бұған дейін Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Alma City-5 тұрғын үй кешенінің тұрғындары «KZ Recycling» зауытын көшіру мәселесін көтерген еді. Олардың айтуынша, зауыттан шығатын түтін қоршаған ортаға зиян тигізіп отыр.

Айта кетейік, 2024 жылдан бері «KZ Recycling» компаниясы экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін үш рет жауапкершілікке тартылып, жалпы көлемі 49,9 млн теңге айыппұл төлеген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау