Референдум Референдум
USD
USD
USD

ҚФФ футбол клубтарына NetBet-тің бәсекелестерін жарнамалауға тыйым салғаны үшін 17,3 млн теңге айыппұл төледі

Nege.Aqsha мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен «NetBet» букмекерлік кеңсесі арасында келісімшарт болған.

Доп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл келісімде футбол клубтарына басқа букмекерлерді жарнамалауға тыйым салатын тармақ бар. Келісім 2023 жылдың 27 қаңтарында, яғни федерацияның бұрынғы басшылығы кезінде жасалған.

Футбол клубтары бұл шектеуге байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне шағымданған. Агенттік бұл жағдайдан Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабындағы – «Басым немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану» белгілерін анықтап, 2024 жылғы 24 маусымда федерацияға даулы тармақты алып тастауды талап етіп, ресми хабарлама жолдаған.

Алайда КФФ бұл талапты толық орындамаған. Осыған байланысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 17,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Тимур Каленов біздің ресми сауалымызға жауап ретінде федерация бұл айыппұлды толық көлемде төледі деп мәлімдеді.

«Федерация «NetBet» ЖШС-мен ұқсас қызмет көрсететін басқа демеушілерді, оның ішінде футбол клубтары арқылы тартуға тыйым салатын тармақтарды алып тастау бойынша шаралар қабылдады. Тергеу нәтижесінде Федерация тарапынан басқа бұзушылықтар анықталған жоқ», – деді Каленов.

Ең қызығы, федерацияны айыппұл төлеуге мәжбүрлеген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін 2022 жылдың тамызынан бері Марат Омаров басқарады. Ал 2024 жылдың желтоқсанынан бастап ол Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметін де атқарып келеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз