USD
USD
USD

«Кезекті толқын басталып жатыр»: Үкімет басшысы жаңа штамм бойынша тапсырма берді

 Премьер-министр Асқар Мамин әлемде коронавирустың жаңа штамы – омикронның таралуына байланысты тапсырма берді.

«Кезекті толқын басталып жатыр»: Үкімет басшысы жаңа штамм бойынша тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Жалпы, эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтуға болады. Инфекциялық және реанимациялық орындардың жүктелуі 19 процентті құрап отыр. "Жасыл" аймақта 15 өңір, "сары" аймақта – екі өңір, олар – Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары. Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, әсіресе, мемлекеттік шекарада жалғастыру қажет. Көптеген елдерде жаңа штамға байланысты науқастанудың кезекті толқыны басталып жатыр», – деп атап өтті Мамин.

Осы орайда үкімет басшысы вирустың жаңа штамы әлем бойынша тез таралып жатқанын ерекше атап өтті. «Осыған байланысты ғимараттардың ішінде және қоғамдық көлікте маска киюге, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтауға аса назар аудару қажет», – деді Мамин.

Премьер-министр вакцинация мен ревакцинация шараларына баса мән беру қажеттігін де жеткізді.

Қазіргі кезде, шамамен, 9 миллион адам вакцинаның бірінші дозасын салдырды. Бұл 18 жастан асқан халықтың 80 процентін құрайды. Осы уақытқа дейін 8,4 миллион адам вакциналаудың толық курсынан өтті.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі