USD
USD
USD

Кезекті рет локдаун енгізіледі

Еуропа елдерінде коронавирус індетінің өршуіне байланысты карантин шектеулері қатаңдатылды.

Кезекті рет локдаун енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бельгия үкіметі жанындағы коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі консультативті комитеттің кезекті отырысы өтті.

Бельгия Премьер-Министрі Александр Де Кроо мәлім еткендей, ел үкіметі «пасхалық үзіліс» жариялайды. Яғни алдағы төрт аптада, соның ішінде христиандық мереке күндері карантин талаптары күшейтіледі.

«Соңғы күндері вирус бізді жерге қайтарды. Бұл – саясаткерлер, сарапшылар және баршамыз үшін бойсұну сабағы», - деді ел премьер-министрі.

Бельгияда коронавирус жұқтырғандар мен ауруханаға жатқызылғандар статистикасы көңіл көншітерлік емес.

«Біз індетті бірнеше ай бойы ұстап тұра алдық. Бұл – үшінші толқынды да еңсере аламыз», - деді Де Кроо.

Ел үкіметі халықты вакциналаудан кейін ахуал жақсаратынына үмітті. Де Крооның айтуынша, мамыр айының соңында 65 жастан асқан тұлғалар мен қауіп тобындағы науқастардың барлығы вакцинаның бірінші препаратын алуы тиіс.

Елде кезекті локдаун 27 наурыздан бастап енгізіледі. Бельгияда сағат 22.00 – 06.00 аралығында комендаттық сағат өз күшінде қалады.

Сондай-ақ мемлекет тұрғындарының шетелге «маңызды емес сапарларына» шектеу бар. Шекараларда күшейтілген бақылау жүргізілуде.

Байланысқа түсумен жүргізілетін мамандықтардың жұмысы уақытша тоқтатылады. Мекемелердің денінде онлайн жұмыс режимі сақталады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси