USD
USD
USD

Кез келген БАҚ қоғамдық жауапкершілікті мойнына алуы керек

Алматыда отандық БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған ХІІ Media құрылтай өз жұмысын бастады. Бұл туралы NEGE.KZ тілшісі хабарлады.

Кез келген БАҚ қоғамдық жауапкершілікті мойнына алуы керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жыл сайын өтетін шараға медиа қауымдастық өкілдері, журналистер қатысуда. Жобаның тұрақты ұйымдастырушысы әрі жоба авторы – Қазақстан баспасөз клубы.

Биылғы конференция "Өтпелі кезеңдегі медиа нарығы" деген тақырыпқа арналған. Бірінші панельдік сессияда сөз алған саясаттанушы Айдос Сарым: "Кез келген БАҚ қоғамдық жауапкершілікті мойнына алу керек" деп мәселенің басын ашық қалдырса, "Алаш Медиа Групп" бас директоры Батыр Қазыбаев "әуелі әлеуметтік жауапкершілікті ойлаймыз" дейді. "Мәселен,  "Тенгриньюс" ақпараттық порталы жаңалықты жедел жеткізуге тырысады. Біз сұрыптап береміз. Қоғамда болып жатқан оқиғадан бейжай қала алмаймыз" деді. Осы кезде модератор informburo.kz  бас редакторы Михаил Дорофеев: "Мемлекеттік тапсырыс алмаған соң, бәрін жазамыз дейсіз ғой. Қазір мемлекеттік тапсырыс аласыздар ма?" деген сауал қойды. Батыр Қазыбаевтың айтуынша, "Тенгриньюс" порталы мемлекеттік тапсырысты мүмкіндігінше алмауға тырысады.

"Көп көлемде алудан бас тартамыз. Осы жолы 10 млн теңге ғана алдық. Бізге ұсыныс жасайтындар көп. Бірақ бұл ақпараттық нарыққа қайшы. Мемлекеттік тапсырыс бәрібір ақпараттық саясатты шектейді" деп жауап берді.

Ал Қазақстан Медиа Альянсы басқарма төрағасы Арманжан Байтасов: "Қоғам өзгеріске ұмтылып жатыр. Ақпарат алу арнасы көбейді. Әсіресе, Телеграм каналдан көп мәлімет алуға болады" дейді.

Сондай-ақ, Internews медиастратегия жөніндегі аймақтық сарапшы Ержан Сүлейменов медиа сауаттылық бойынша сауалнама жүргізгенін жеткізді. Нәтижесінде халықтың ақпаратты қандай көзден алатыны анықталған. Оның айтуынша, жұрттың басым бөлігі ақпаратты телеарнадан, сосын интернеттен, үшінші – туыстары мен достарынан, төртінші – әлеуметтік желі арқылы алады. Одан кейінгі кезекте газет, журнал, радио, кітап тұр. Ал халықтың 9 пайызы мүлдем телеарна қарамайынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қанатбек Жайсаңбаев Халық Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қанатбек Жайсаңбаев

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басқарма төрағасы қызметінен кетті

Талғат Алдыбергенов

Конституциялық соттың шешімі тек нормативтік-құқықтық сипатқа ие – Қарин

Мемлекеттік кеңесші

Аша Матай мен Тамара Асар Құрылтай сайлауына түседі

Аша Матай мен Тамара Асар