USD
USD
USD

Депутат: Заң бұзған кез келген азамат жауапқа тартылуы тиіс

Құрылтай депутаты Бөріхан Нұрмұхамедов Қазақстанда заң бұзған кез келген шетел азаматы жауапқа тартылуы тиіс екенін айтты. Ол бұл пікірін журналистердің ресейлік рэпер Navai-ге қатысты сұрағына жауап бергенде білдірді.

NAVAI
Фото: @navaib/Instagram

Астана, NEGE. Құрылтай отырысынан кейін өткен брифингте журналистер қаржы министрі Мәди Тәкиевтен кеденде заңбұзушылық анықталған жағдайда, адамды жауапқа тартпай, еліне қайтарып жіберу қаншалықты дұрыс екенін сұрады. 

Мәди Тәкиевтің сөзінше, бұл мәселе құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Оның сөзінше, 2014 жылы кеден органдарынан құқық қорғау функциялары алынып тасталған.

«Бұл – құқық қорғау органдарының мәселесі. Біз мемлекеттік қызметкерміз. Егер ондай фактілер болса, істі құқық қорғау органдарына тапсырады, кейін олар өздерінің процессуалдық жұмыстарын жүргізеді», – деді министр.

Ал Құрылтай депутаты Бөріхан Нұрмұхамедовтің сөзінше, ел аумағында заң бұзған кез келген шетел азаматы жауапкершілікке тартылуы керек. 

«Сіз көтерген мәселе өте орынды. Кез келген азамат заң бұзса, жауап беруі керек», – деді депутат.

Айта кетейік, 13 қазанда полиция мен ҰҚК Шекара қызметінің мамандары Navai лақап атымен танымал ресейлік рэперді Қазақстанға автокөлікпен кіріп келе жатқан кезде «Қордай» шекара бекетінде ұстаған. Көлікті тексеру кезінде есірткі табылып, қылмыстық іс қозғалды.

Дегенмен күні кеше әншінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылып, ол Қазақстаннан шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Депутаттар клиникалық психологтар мен педагог-ассистенттердің жалақысын көтеруді ұсынды

Педагог-профориентатор

Азия Пара ойындарында тағы екі қазақстандық дзюдошы чемпион атанды

Зарина Райфова

Өзбекстанмен шекарадағы кеден бекеттерінде жемқорлық деректері көп тіркелген

Жемқорлық

Алматыда екі қабатты ғимараттың шатыры өртеніп, төрт адам ауруханаға жеткізілді

Жедел жәрдем