USD
USD
USD

Кешкі жүгіруге шыққан әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтанда кешкі жүгіруге шыққан әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды.

Кешкі жүгіруге шыққан әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Елордалық полицейлер күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлайды. Сағат 19:34-те «102» арнасына жас жігіттің әйелді зорлауға тырысқаны және оның белгісіз бағытқа қашып кеткені туралы хабарлама түскен. Мән-жайды тексеру барысында 42 жастағы әйелдің Б.Момышұлы көшесінің бойымен жүгіруге шыққаны және оның соңынан ерген күдікті ер адамды байқағаны анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, оның қолында екі пакет болған. Кейін белгілі болғандай, күдікті өз ойын іске асырғасын киімін ауыстырып, жасырынуды ойлаған.

Қаскүнем алкогольді ішімдікке мас күйінде әйелді қуып жеткен және оны жерге құлатып, дөрекі күш қолданған. Көшедегі кездейсоқ жолаушылар әйелдің айқайын естіп, көмекке келген. Оларды көрген қылмыскер қашып үлгерген. «102» арнасына ақпарат келіп түскен соң, қаскүнемді ұстауға полиция департаментінің жеке құрамы жіберілді және күдікті ізін суытпай ұсталды. Ол тұрақты жұмысы жоқ, 20 жастағы жігіт болып шықты. Әйел оны таныды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков