USD
USD
USD

Кеше 307 қазақстандық ПТР-анықтамасыз ұшып келді

6 наурызда ПТР-анықтамасыз 307 ҚР азаматы ұшып келді.

Кеше 307 қазақстандық ПТР-анықтамасыз ұшып келді
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. 2 561 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 254 адам, анықтамасыз 307 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 128 жолаушы, анықтамамен – 1 889, анықтамасыз – 239; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 433 жолаушы, анықтамамен – 365; анықтамасыз – 68. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 5 наурызда шетелден анықтамасыз келген 316 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер