USD
USD
USD

Кесенедегі садақа жәшігін бұзып, ақша ұрлаған әйел ұсталды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жамбыл ауданындағы кесенелердің бірінде болған.

Кесенедегі садақа жәшігін бұзып, ақша ұрлаған әйел ұсталды
Фото: NEGE.kz

Кесененің тазалығы мен тәртібіне қарап, тәу етіп келушілерге жәрдем беруші тұлға кесене ішіндегі садақа жәшігінің құлпы бұзылғанын және ішіндегі қаражаттың қолды болғанын анықтаған.

Алматы, NEGE. «Кесенедегі садақа жәшігінің қолды болғаны туралы хабар түсті. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы әйел адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның жақын ауылдардың бірінің тұрғыны екені анықталды. Күдіктіден қолды болған қаражат тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деді Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асхан Тегенбаев. Тергеу барысында күдіктінің бұған дейін кесенеге келіп, қаржы салынған жәшіктің еш бақылаусыз тұрғанына көз жеткізгені белгілі болды. Келесі жолы дайындықпен келген әйел жәшіктің құлпын бұзып, ішіндегі қаражатты алып кеткен. Күдікті әйел мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Оның бұдан өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай