USD
USD
USD

«Керуен сарай» пенопластан салынған ба? Шөкеев сынға жауап берді

 Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Керуен сарай» нысанын салуда қандай құрылыс материалдары қолданылғанын айтты.

«Керуен сарай» пенопластан салынған ба? Шөкеев сынға жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ол жерде күн сайын жүрдім. Ол темір-бетоннан, арматурадан салынған. Бұл жерде барлығы да өңірде сейсмикалық қауіп төмен болғандығына қарамастан үлкен сақтықпен жоспарланған. Әрине, әртүрлі ішкі материалдар, қабырға материалдары қолданылған. Келушілердің бірі сол материалды байқап қалып, бүкіл Керуен сарай сонымен салынған деп ойлапты. Бұл қарапайым материал. Егер ол құрылыстан хабары болса мұндай жазбайтын еді. Жалпы, Sembol әлемдік компания саналады. Ол өзінің абыройын қатты бағалайды. Олар мұндай жайт үшін абыройларына келген нұқсанға байланысты жауапқа да тартуы мүмкін», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Өңір басшысы пенопласт арзан құрылыс материалы болғандықтан барлық жерде қолданылатындығын баса айтты. «Ол өте арзан әрі тиімді. Жалпы, қазіргі әлемде барлығы платмассадан жасалады. Мына үстел, қаламсап, микрофон пластмассадан жасалған. Сондықтан меніңше, жоқ жерден түсініксіз хайп жасап отыр. Мұндай жайтты айтқан кезде жауапкершіліктің де болғаны дұрыс-ау. Өйткені, біз туристерді тартқымыз келеді. Шетелдік инвесторлардың қаражатын тартуға ұмтыламыз», - деді облыс басшысы.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.