Керосиннің қымбаттауына байланысты ұшақ билеттерінің бағасы да өседі
Елімізде әуе қатынасы дағдарысқа түсетін түрі бар. Өйткені керосин бағасы аспандап барады. Ал елдегі үш мұнай өңдеу зауыты беретін жанармай бір айлық тұтынудың жартысын да жаппайды екен. Импортпен алынатын керосиннің тоннасы 800 мың теңгеден асып барады, деп хабарлайды КТК.
Алматы, NEGE. Ал керосинді тұтыну едәуір артқан. Өйткені соңғы кезде көрші елдердегі ахуалға байланысты Қазақстан арқылы қатынас ұлғайған. Елдегі мұнай өңдеу зауыттары сұранысты жаппайтын жағдайға түсті. Ресейден жеткізілетін жанармайдың құны аспандап кеткен. Соның салдарынан елдегі әуежайлар қолда бар керосиннің 10-15 күнге жетерлік қоры ғана қалды деп дабыл қағуда. Ендігі импорттан алатын қымбат керосинді өтеу үшін әуе билеттері міндетті түрде қымбаттайды деп отыр.
Тіпті кей жерде көптеген халықаралық рейстерді қамтамасыз етуден бас тартуға да тура келуі мүмкін. Өйткені керосин жетіспей қалу қаупі бар.