USD
USD
USD

«Керемет». Президент Сапарбаевтың жұмысына қандай баға берді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та есеп берді.   

«Керемет». Президент Сапарбаевтың жұмысына қандай баға берді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жамбыл облысының әкімі аймақтағы коронавируспен күрес шараларына тоқталып, өңірдің экономикалық дамуын да тілге тіиек етті:

«Үш мыңнан астам дәрігерге, полиция мен әскерилерге 2 миллиард теңгеге жуық көмек көрсетілді. Індетке, дағдарысқа қарамастан, мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен, өзіңіздің қолдауыңызбен бірінші жарты жылдықта экономикалық өсім 101 пайыз болды. Өзіңіз көріп отырғандай, барлық негізгі экономиалық көрсеткіштер былтырғыдан жоғары, республикалық көрсеткіштен төмен емес. Бізі ірі және орта 66 кәсіпорынды әрдайым мониторлап отырамыз. Оларда жұмыс орнын қысқарту деген болған жоқ. Сіздің негізгі тапсырмаларыңыздың біреуі – халықты жұмыспен қамтамасыз ету арқылы жағдайын жақсарту. Қазіргі таңда 21 мың жұмыс орыны құрылды. Біздің негізгі міндетіміз оны 52 мыңға жеткізу» деді Б.Сапарбаев.

"Жақсы. Жоспарларыңыз жақсы. Керемет. Кең ауқымды. Бірақ маңызды мәселе, бұл жоспарларды іске асыру. Ол – бір. Екіншіден, жұмыссыздыққа көңіл аудару керек. Мысалы облыста «Жұмыспен қамту» жол картасы бойынша 18 700 адамға уақытша жұмыс орнын ашатын болдыңыздар. Бірақ тұрақты жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру жөнінде бұл мәселелер әлі толығымен шешілмей жатыр.  Сондықтан бұл мәселелерге арнайы көңіл аудару керек", деді Қасым-Жомарт Тоқаев әкімнің есебіне орай.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

өрт

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

патрульдеу

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тұрсын Алагөзов

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев