USD
USD
USD

«Кепілсіз несие рәсімдеймін» – Оралда интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен Орал қалалық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Пооиция
Фото: Пооиция

Алматы, NEGE. Тергеу барысында күдікті Instagram әлеуметтік желісінде кепілсіз несие рәсімдеу туралы жалған жарнама жариялап, азаматтарды WhatsApp мессенджеріндегі сілтеме арқылы өтіп, микрокредиттік ұйымдардан онлайн несие алуға көндіріп отырған.

Несие рәсімдеу кезінде ол қаражатты өзіне және таныстарының банк шоттарына аударуды сұраған. Жәбірленушілерге верификациядан өту үшін арнайы сілтемелер жіберген. Несие мақұлданғаннан кейін ақша көрсетілген есепшоттарға, кейін күдіктінің атына тіркелген шотқа аударылып, қаладағы түрлі банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Күдіктінің үйін тінту барысында 27 телефон, төрт SIM-карта және төрт банк картасы тәркіленді. Қазіргі таңда төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген жалпы шығын көлемі — 1,5 млн теңгеден астам.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй

Кәрім Мәсімовтің экс-күйеу баласынан «Достық» станциясындағы терминал тәркіленді

Азамат Қапенов

15 сәуірден бастап мобильді аударымдарды тексеру басталады. Нені ескеру керек?

аударым

Уағызшы Дарын Мубаров жауапқа тартылды

Дарын Мубаров