USD
USD
USD

Кепілге кісі алатын «романтик»

28 қараша күні жергілікті уақыт бойынша, кешкі сағат 19.50-де Орал қаласында кепілге алынған нотариус Ираида Исламғалиева босатылды.

Кепілге кісі алатын «романтик»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізде болса, түс әлетінде белгісіз еркек 41 жастағы нотариус әйелді өз жұмыс орнында кепілге алған болатын. Бұл жөнінде полиция бөлімшесіне хабар түскеннен кейін, нотариалдық контора орналасқан төрт қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз аймаққа шығарылып, кепілге кісі ұстаған еркекпен келіссөз жүргізуге әрекет жасалған. Куәгерлердің айтуынша, еркектің қолында пышақ пен гранатаға ұқсайтын зат болған.

Кейінірек аталған еркектің Ираида Исламғалиеваның бұрынғы күйеуі екені анықталды. Келіссөз барысында кепілге кісі алушы бұзақы полиция қызметкерлері арқылы офиске бір шөлмек аққайнар мен бір қорап шоколад алдырған. Нақтыланбаған дерек көздерінің айтуынша, нотариус әйелдің аяқтарына жарақат түскен, оны жедел жәрдем көлігі алып кетіпті. Құтқару операциясы 5 сағаттан кейін сәтті аяқталған.

Қазір оқып жатыр

Израиль президенті Астанаға келді

ақорда

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Азамат Қапенов

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

жанабылов

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

жанабыловтар