USD
USD
USD

Кенжеболат Жолдыбай өмірден озды

Саясаттанушы, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Кенжеболат Жолдыбай өмірден озды.

Кенжеболат Жолдыбай өмірден озды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқарасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы facebook парақшасында жазды.

«Кенжеболат Жолдыбай ағамның да дәм-тұзы таусылыпты. Мұндайда не жазарыңды білмейсің... Кенже-аға, бақұл болыңыз. Осы өмірде жасаған ізгі істеріңіз өзіңізге серік болғай. Ол Діни басқарманың игі бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп, жанашыр болып жүруші еді. Алла алдыңнан жарылқасын, Жақсы аға. Мен Сізді жақсы көруші ем... Енді рухыңызға Құран бағыштап, дұға жасаудан басқа амалым жоқ», - деп жазды ол.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров та қаралы хабармен facebook арқылы бөлісті.

«Кенжеболат Жолдыбай ағамыз мәңгілік сапарға аттаныпты. Терең, тұңғиық, адамгершілігі, рухани әлемі мол азамат еді. Иманды болсын!», - деді Мәжіліс депутаты.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық