USD
USD
USD

Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюповтың тергеу изоляторында отырғаны белгілі болды

Кентау қаласының бұрынғы әкімі Рашид Аюповтың өткен жылғы қазан айынан бастап тергеу изоляторында қамауда отырғаны белгілі болды. Ақпаратты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кентаудың экс-әкімі Рашид Аюповтың тергеу изоляторында отырғаны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Р. Аюпов 17.10.2022 жылдан бастап Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №64 тергеу изоляторында қамауда отыр. Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 4-бөлігі, 312-бабы 5-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, комитеттен тергеу изоляторларында қамауда отырғандардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқығы мен міндеті бары айтылды. Сондай-ақ, олардың мекеме кітапханасынан кітап алуға, адвокаттармен, қоғамдық қорғаушылар және туыстарымен кездесуге мүмкіндігі бар.

Еске салсақ, Р. Аюпов өткен жылы наурызда Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі болып тағайындалған еді. Ал, 2019 жылдың шілде айынан 2021 жылға дейін Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті