USD
USD
USD

Кентауда заңсыз жұмыс істеген қызметкер оқушыларға қорлық көрсеткен

Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі мектептегі зорлық-зомбылық фактісін анықтады. 

оқушыға қорлық
Фото: ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Интернаттағы оқушының анасы мәселені шешуге көмек сұраған. Бұл мәселе Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Facebook-тегі ресми парақшасына жазылды.

Кентаудағы лицей-интернат оқушысының анасы Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне хабарласып, білім беру мекемесінде тәрбиешінің көмекшісі өзінің баласына, сондай-ақ басқа оқушыларға физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетіп жатқанын жеткізген.

Оқушылардың ата-аналары, қалалық прокуратура және Түркістан облысы білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен жедел қабылдау ұйымдастырылып, нәтижесінде білім бөліміне сауал жіберілді.

Күш қолдану және моральдық қысым көрсету фактісі расталып, тәрбиеші көмекшісінің лицейде заңсыз жұмыс істегені анықталды. Ол енді мектепте қызмет атқармайды.

Сонымен қатар қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін лицей-интернатының директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие психологы, сынып жетекшісі сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж