USD
USD
USD

Кентау трансформатор зауытының өнімі әлемге экспортталады

 Еліміздегі ірі кәсіпорындарының бірі Кентау трансформатор зауытында жылына 28 млрд теңгенің өнімі шығарылады. Заманауи үлгідегі трансформаторлар Әзербайжан, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан секілді бірнеше елдерге экспортталуда.

Кентау трансформатор зауытының өнімі әлемге экспортталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 60 жылға жуық тарихы бар зауытта өндірілген өнім көлемі де жыл сайын артып келеді. Кәсіпорында негізінен электромеханика жабдықтары шығарылып, сапалы өнімнің тең жартысы әлемнің 14 еліне экспортталады. Зауытта 1 200-ден астам маман еңбек етеді. Олардың барлығы – қала тұрғындары. Кәсіпорында маман тапшылығына жол бермеу үшін кадрлық қор әзірлеу басты назарға алынған. Өндіріс жанынан кәсіби колледж құрылып, онда дайын мамандар даярланады.

Зауыттың басқарма төрағасы, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес мүшесі Хайрулла Қожабаев кәсіпорынды жаңа техникамен жарақтандыруға және жаңа өнім шығаруға басымдық берілетінін айтады. «Бізде жұмысшыларды әлеуметтік қолдау аясы кең. Зауытта отбасын құрған жастарға, сәбилі болған жас отбасыларға және әлеуметтік жағдайы төмен жандарға әрдайым қолдау көрсетіп отырамыз. Өзіміздің қызметкерлерімізге соңғы 10 жылда 248 үй берілді. Енді биыл 40 пәтерлі үй салып жатырмыз. Оны қыркүйек айында береміз деп отырмыз. Одан кейін қосымша тағы да 500 орындық жатақхана салынуда. Ол біздің жас мамандарды қолдау үшін беріледі», - дейді Хайролла Қожабаев.

Қазір оқып жатыр

Солтүстік Кипрде супермаркетте қазақстандық қыз пышақ жарақатын алды

Қазақстан азаматы

Қарағандыда «балгерлерге» сенген зейнеткер 15 млн теңгесінен айырылды

алаяқтық

Алматыда төрт құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Құрылыс компаниялары

Қытайлық инвесторлар Қазақстанда авиациялық отын өндірісін іске қоспақ

Ұшақ