Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кентау қаласының әкімі профессор Наджи Генчті марапаттады

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі м.а және Инженерия факультетінің деканы, профессор Наджи Генч Кентау қаласының 69 жылдық мерейтойында «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Ясауи университеті
Фото: Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткен кеште қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық маслихат хатшысы Қабылан Елеусізов тұрғындарды «Қала күні» мерекесімен құттықтады.

Мерекелік кеште елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтар «Кентау қаласының құрметті азаматы» атанды. Ал қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар – «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» және «Қала жанашыры» төс белгісіне ие болды.

Университеттің Кентау қаласында орналасқан Инженерия факультеті шаһардың білім-ғылым саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Жалпы ұжымға алғыс ретінде факультет деканы,ректор өкілі м.а Наджи Генчке «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов марапатты өз қолымен деканның кеудесіне тақты.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz