USD
USD
USD

Кеншілерге жаңа әлеуметтік төлем тағайындалады

Еңбек министрлігі Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және төлеуді тоқтату қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеншілерге жаңа әлеуметтік төлем тағайындалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түсіндірме құжатта бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру жөніндегі тәсілдерді іске асыру екені жазылған.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауында салалардың дамуына елеулі үлес қосуды және қызметкердің денсаулығына зиян келтіру дәрежесін ескеретін зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдерді енгізу қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде көзделген заңнамалық түзетулер әзірленді. Бүгінгі таңда заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында.

Осы заң жобасын іске асыру үшін "Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау, төлеуді тоқтату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы әзірленді.

Қазір оқып жатыр

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov