USD
USD
USD

Кеңсеге қол жуғышпен кіріп келді: Илон Маск өзін Twitter басшысы деп жариялады

Әйгілі миллиардер Илон Маск америкалық Twitter микроблогтар сервисін сатып алды.

Кеңсеге қол жуғышпен кіріп келді: Илон Маск өзін Twitter басшысы деп жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Илон Маск компанияны сатып алу жөнінде ұзақ ойланған болатын. Ақыры өзін Twitter басшысы деп жариялады. Кеше түнде кәсіпкер өз аккаунтындағы статусты өзгертіп: «Твиттердегі басшы» деп жазды.

Сондай-ақ ол компания кеңсесіне мықтап тұрып қол жуғыш алып кіріп келе жатқан видеосын жариялады.  

Кәсіпкердің бұл қылығы не мағына беретінін білмей дал болған жанкүйерлері әртүрлі болжам айтып жатты. 

Сөйтсе, оның мағынасы мүлдем басқада болып шықты. 

Ағылшын тіліндегі «қол жуғышпен кіріп келу» деген қолайсыз тіркес — «ақыры мұны мойында» деген мағынаны білдіреді екен. 

Сол арқылы Илон Маск өзін Twitter-дің жалғыз иесі ретінде мойындауды сұрап отыр. 

Қазір оқып жатыр

Арман Қырықбаев 274-бапты жеңілдету мәселесіне пікір білдірді

.

Көңілдесіне Cartier немесе отбасымен демалыс: министр шенеунікті қай кезде рұқсатсыз фото-видеоға түсіруге болатынын түсіндірді

Арман Қырықбаев

Депутат әлеуметтік желіде балағат сөз айтқандарға ірі көлемде айыппұл салуды ұсынды

Гүлзира Атамбаева

Жақыпов пен Отыншиев тергеу изоляторына қамалды

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев