«Кеңірдегі жыртылған»: Түркістан облысында 5 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды
Түркістан облысында бес жасар қыз зорланды. Полицейлер күдіктіні ұстады.
Алматы, NEGE. 21-мамыр Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні "ізін суытпай" сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.
"Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды", - делінген полицияның хабарламасында.
Бұған дейін БАҚ беттерінде жарақат алған қыздың кеңірдегі жыртылып, жансақтау бөліміне жатқызылғаны хабарланған болатын. ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша,қазір қыздың денсаулығы тұрақты. Ол үйінде, ата-анасының жанында.
Сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ.