USD
USD
USD

Кенесары ханның Құраны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тапсырылды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ҚМДБ-ға Кенесары ханға тиесілі, бұрын табылып, Қазақстанға қайтарылған Құран кітабын тапсырды.

Кенесары ханның Құраны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тапсырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президенттің тапсырмасымен мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мүфтиятта болып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына Кенесары ханға тиесілі Құран кітабын тапсырды. Бұған дейін Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы табылғаны және оның елге оралғаны жайында мәлім еткен болатын.

"Мемлекеттік кеңесші Құранды отандық және шетелдік жоғары білікті, тәжірибелі мамандар толық зерттеп, оның Кенесары хандікі екенін бірауыздан анықтағанын атап өтті. Сондай-ақ Құранды жан-жақты сипаттап, оның ерекшеліктерін баяндады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон