Кенеден сақ болыңыз
4 мамырдан бастап жалпы ауданы 2402,54 га аумақта кенеге қарсы дезинфекция жүргізудің бірінші кезеңі басталды. Сақтық шарасы Алатау, Алмалы, Әуезов, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түркіб аудандарының қалалық саябақтары, скверлері мен Алма-Арасан шатқалында жүргізілді.
Алматы, NEGE. Дезинфекцияланған аумақтың жалпы көлемі 530,492 гектарды құрайды. Кенеге қарсы сақтық жұмыстарын «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК филиалы аудандық сапа мен қауіпсіздікті және тауарларды бақылау басқармасы мамандарының тікелей бақылауымен жүргізеді. Айта кету керек, бұл жұмыстар кестеге сәйкес ауа райы жағдайларын ескере отырып жүргізіледі.
Егер кене шағып алған жағдайда шұғыл түрде (алғашқы үш тәулік ішінде) серопрофилактика пункттеріне жүгіну қажет. Онда зардап шегушіден кенені алып тастау және шұғыл серопрофилактиканы қамтитын білікті көмек көрсетіледі, яғни кенеге қарсы арнайы иммуноглобулин егіледі.
Кенелердің белсенді маусымы кезеңінде кене энцефалитінің табиғи ошағына барғанда (тауға шығу, орман, Алматы қаласы және оның маңайында орналасқан лагерьлер мен сауықтыру ұйымдарындағы демалыс кезінде) қала тұрғындарына кене шағуына жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтауды ұсынамыз:
– шөптерге отыруға және жатуға болмайды, киімді, денені және заттарды жиі тексеру және үйге оралғаннан кейін киімде және денеде кенелердің бар-жоғын мұқият қарау;
– бір түсті және ашық киім кию, шалбарды етікке, шұлыққа, киімнің сыртқы бөлігі шалбарға, киімнің жеңі қолға тығыз жанасу керек, жейделер мен шалбарда кене кіре алмайтын ілгектер болуы тиіс; жейде, күртешенің күләпарасын кию немесе шашты орамал, бөрік астына жинау керек.
– репелленттер – кенелерді үркітетін заттарды пайдалану қажет.
Қазіргі COVID-19 карантин кезеңінде кене шағудан зардап шеккендерге төмендегі медициналық ұйымның 3 травматологиялық пункттерінде көмек көрсетіледі:
– №4 Қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220, тел. 3003701);
– № 7 Қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықш. ауданы, Райымбек даңғылы, тел. 2708631, ішкі. 138);
– Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы (Манас көшесі, 40, тел. 2748319).
Ағымдағы жылы кене белсенділігінің маусымы басталғалы қаланың медициналық ұйымдарына (травматологиялық пункттерге) кене шағып алуына байланысты 758 адам жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейін 439 бала бар. Кене шағудан зардап шеккендердің барлығы дер кезінде кенеге қарсы иммуноглобулин алды. 2019 жылдың осы кезеңінде 1450 адам, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 757 бала кене шақты деп шағымданған. Кене шағудан зардап шеккендердің барлығы дер кезінде кенеге қарсы иммуноглобулин алған.
Қазір оқып жатыр
Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді
Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі
Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты
«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді