USD
USD
USD

Кемтар балаларды қолдауға 55,4 млрд теңге бөлінбек

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов  мүгедек балаға күтім жасау кезеңі 18 жасқа дейін ұзартылатынын мәлімдеді. Айта кетейік, қазір мүгедек балаға күтім жасау кезеңі 16 жас деп белгіленген

Кемтар балаларды қолдауға 55,4 млрд теңге бөлінбек
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Бұл норма мүгедек балалардың жас тобының өзгеруіне байланысты енгізіледі. Өзгеріс мүмкіндігі шектеулі балалардың жасына байланысты зейнетақы төлемі мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді. Жалпы, заң жобасында баяндалған нормалар мүгедектерді әлеуметтік қолдау, атаулы әлеуметтік көмек және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін қоса алғанда, мемлекет тарапынан базалық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін көрсетеді», –  деді Серік Шапкенов. Министрдің мәлімдеуінше, заң жобасын қабылдау қосымша бюджет қаражатын бөлуді талап етпейді. Шығын нормалары 2021-2023 жылдарға бөлінген қаражат – 55,4 млрд теңге аясында іске асырылады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу уақыты екі есеге қысқарады

ЖИ

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Пәкістандағы өрт

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек»

статистика

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін

Смартфон