«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады
«ҚазАвтоЖол» жол саласындағы кемшіліктерді мойындап, оларды жою жолдарын қарастырып жатыр.
Астана, NEGE. Компанияның басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің сөзінше, карьерлерді анықтау мерзімі мен құрылыс сапасын бақылау мәселелері қайта қаралмақ.
«Автожол саласына қатысты айтылған сын-ескертпелер мен фактілерді толық мойындаймыз. Жұмыс тобы аясында карьерлерді анықтау мерзімінің тым ұзақтығы, құрылысқа техникалық қадағалау жүргізу сапасы сияқты мәселелер анықталды. Техникалық қадағалау қызметінің жұмысы көңіл көншітпейді. Бұл кемшіліктерді өзіміз де мойындаймыз», – компания төрағасы.
Осыған байланысты техникалық қадағалау қызметін Жол активтері сапасының ұлттық орталығына беру ұсынылды. Қазір жұмыс тобы автожол саласындағы басқа да өзгерістерді қарастырып жатыр.
Дархан Иманашевтің айтуынша, ұсыныстар осы айдың соңына дейін премьер-министрге ұсынылып, тиісті жол картасы бекітіледі. Онда қысқа мерзімде жүзеге асырылатын жедел шаралармен қатар, ғылыми негіздеуді қажет ететін ұзақ мерзімді шешімдер де қамтылады.