Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кемелбек Ойшыбаев қызметінен кетті

Кемелбек Ойшыбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы 

Кемелбек Ойшыбаев қызметінен кетті
Фото: NEGE.kz

Primeminister.kz хабарлады. 

Алматы, NEGE. «Үкімет қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Сонымен қатар, Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын аяқтаған.

Еңбек жолын 2000 жылы "Интерфакс-Қазақстан" АА" ЖШС корреспонденті болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" ЖШС-де, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2016-2017 жылдары "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ басқарма төрағасы.

2019-2020 жылдары "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы.

2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

Қазір оқып жатыр

Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Спартакиада өтіп жатыр

Спартакиада

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО