USD
USD
USD

Кембридж университетінде «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды

Ұлыбританияның Кембридж университетінің мұражайында ежелгі сақ қорғандарынан табылған бұйымдар көрмесі ашылды. 

Кембридж университетінде «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Кембридж университетінің Фицуильям мұражайында «Ұлы дала алтыны» көрмесі ашылды. Оған Шығыс Қазақстан облысындағы ежелгі сақ қорғандарынан табылған алтын артефактілер қойылды. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі VIII-III ғасырларда Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстанның Алтай тау жүйесінде үстемдік еткен скиф өркениетінің жәдігерлері, сақ қорғандарынан табылған құнды дүниелер.

Көрмеде Берел, Шілікті және Елеке Сазы сияқты үш түрлі қорымнан шыққан жүзге жуық археологиялық олжалар қойылған. Экспозиция ежелгі сақтардың көшпелі мал шаруашылығы, тау-кен өндірісі және металлургия салаларында бірегей мәдениеті мен терең білімі болғанын көрсетеді. Бұл кезеңді ежелгі қазақтар тарихындағы «алтын ғасыр» деп те атайды. Ең бағалы экспонаттардың бірі – киімдері 15 000 алтын заттан тұратын «Алтын адам».

Шығыс Қазақстан және Фицуильям мұражайы арасындағы әріптестік көпірі бұған дейін орнағаны белгілі. Отандық археологтар қорғандардан табылған жәдігерлерді британиялық әріптестерімен бірге зерттеп келеді. Кембридж университеті жанындағы Макдональд археологиялық зерттеу институтының ғалымдары жаңа инвазивті емес технологияларды қолдана отырып, бірегей артефактілердің құпияларын ашып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы