USD
USD
USD

«Келінімізді бұл іске араластырмаңыздар» – Руслан Берденовке қастандық жасаған күдіктінің әкесі мәлімдеме жасады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл бойынша күдікті Ернар Жиенбайдың әкесі – Пралиев Жиенбай ресми мәлімдеме жасады.

Руслан Берденов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Біз, ата-анасы ретінде, болған жағдайды үлкен күйзеліспен қабылдадық. Ұлымыз Ернардың осындай ауыр оқиғаға қатысы бар дегенге әлі күнге дейін сенгіміз келмейді. Бұл біздің отбасымыз үшін ауыр соққы болды. Болған оқиғаға шын жүректен өкінеміз. Қандай жағдай болмасын, біздің отбасымыз Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейді», – деді мәлімдемеде.

Пралиев тергеу мен соттың әділ өтетініне үміт білдіріп, қоғамды эмоцияға берілмей, сабыр сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, ол ұлының әйелін бұл іске араластырмауды өтінді: «Ол кісі Руслан Берденовті өмірде көрмеген, жеке таныстығы болмаған».

«Алда бізді қиын жол күтіп тұр. Біз әділет пен адамгершілікке сенеміз», – деп түйіндеді Ернар Жиенбайдың әкесі.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев