Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Келісімшарты біткен миллиардер Миттал Қазақстаннан қашан кетеді?

Алдымен Тринидад пен Тобагоны, одан соң Мексика мен Канаданы «жаулаған» үнділік миллиардер Лакшми Митталдың Қазақ жерінің бір бүйірін тесіп-сорып жатқанына да ширек ғасырдан асыпты...

Келісімшарты біткен миллиардер Миттал Қазақстаннан қашан кетеді?
Фото: NEGE.kz

1995 жылы Қарағандыдағы Кармет металлургиялық комбинатын иеленіп алған Миттал көмір мен темірдің «короліне» айналып шыға келіп, Қазақ жерінің арқасында байыған үстіне байығанын бұл күнде екінің бірі біледі.

Л.Миттал мен Н.Назарбаев

«Арселор МитталТеміртау» 1997 жылы Қазақстан үкіметімен келісім шарт жасасып, Қарағанды облысындағы бірнеше көмір кенішінен таскөмір мен метан газын өндіру құқығын алған.

25 жылға берілген бұл келісімшарттың мерзімі биылғы жылдың 21 қаңтарында аяқталған. Келісімшарттың мерзімі ұзартылғаны туралы дерек жоқ. Ендеше, миллиардер Миттал төрт айдан бері Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жатыр деген сөз.

Тұрақты оқырманымыздың хабарлауынша, Қазақстан үкіметі Лакшми Митталмен келісімшартты ұзартуға құлықсыз көрінеді. Өйткені 1997 жылы жасалған келісімшартта үнділік миллиардерге артықшылықтар мен жеңілдіктер тым көп жасалған.

«Митталмен қайтадан келісім жасасқан күннің өзінде Қазақ үкіметінің дауысы қатқыл шығуы мүмкін», – дейді оқырманымыз.

Фото: inbusiness.kz

Өткен жексенбі күндері «Арселор Миттал» басшылары бір топ блогерді жетектеп жүріп, жұмысын көрсетіпті. «Қыдырып қайтқан» блогерлер де аянып қалмапты, «Арселор Митталдың» 35 мың отандасымызды қалай басынан сипап отырғанын, өндіріс көлемі неше есеге артқанын, шахтада қалай «қорыққандарын» тамсана жазыпты, әлі де жазып жатыр.

Бір кездері бұрынғы билік «Құдайдың өзі жіберді» деп халықты алдап, өздері үстінен құс ұшырмай алақанына салған шетелдік миллиардерлердің Қаңтар бүлігінен соң Қазақстанда тынысы тарылғанына куә болдық. Бұған бір мысал – Машкевич пен оның командасы.

Сол сияқты Лакшми Митталдың да астынан «су шыға» бастаған сыңайлы. Олай болмаса, «жарылқаушы Митталдың» образын қайтадан жасау үшін сонша тыраштанар ма еді?..           

Қазір оқып жатыр

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар