USD
USD
USD

Келіншек танысқысы келген еркекті тонап кетті

Елорда дәмханаларының бірінде келіншек жаңа танысын тонап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келіншек танысқысы келген еркекті тонап кетті
Фото: NEGE.kz

Нұр-сұлтан, NEGE.  «Елордадағы дәмханалардың бірінде ұрлық жасаған күдікті 36 жастағы әйел ұсталды. Ол көшеде ер адаммен танысып, күдікті онымен бірге дәмханаға кірген. Ішімдік ішу барысында күдіктің жаңа танысы үстел басында ұйықтап қалған. Осы сәтті пайдаланған әйел құны 50 мың теңге болатын оның ұялы телефонын ұрлап, белгісіз бағытқа бой тасалаған», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта. Ведомство мәліметінше, күдікті кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктінің елорда аумағында жасалған дәл осындай қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза