USD
USD
USD

Келін атануға дайындалып жүрген өнер иелері кімдер?

Былтыр отандық шоу-бизнесте отау құрған бойдақтар мен ұзатылған арулар саны аз болмады. Айым Сейтметова мен Мадина Оспан ең әдемі қалыңдық атанып, отбасылық өмірге қадам басты. Дегенмен, өнер әлемінде әлі де тұрмысқа шықпаған бикештер мен шаңырақ көтермеген жігіттер жетерлік.

Келін атануға дайындалып жүрген өнер иелері кімдер?
Фото: NEGE.kz

«Жау жүрек мың бала» фильмі арқылы бағы жанған Құралай Анарбекова  актриса ғана емес, белгілі продюсер атанған. Оның қолға алған кез-келген жобасы табысты. 2019 жылы қос фильмді қалың көпшілікке ұсынып, жемісті еңбек ете білген Құралай бүгінде бойдақтардың қатарында көш бастап тұр. Осы жылы актриса ақ келін атануға қарсы емес. Талайдың арманына айналған ару жүрегін жаулаған азаматты да кездестірген. Продюсердің болашақ жары шоу-бизнестен емес.  

2020 жылы Отандық өнер иелерінің тағы бір қатары қалыңдық  атануға дайындалып жүр. Актриса Жәния Джуринская «Бір тойымның болары сөзсіз менің», - деп ұрандатса, Анар Батырхан 2020 да  тұрмысқа шығатынын айтқан еді. Ал Гүлназ Жоланова өз жартымды кезіктірдім деп сырын айтса, Әсел Сәдуақасова жеке өмірі жайлы жақ ашпай, сұрақты жауапсыз қалдырды.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.