Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Келімбетов жалақыны НЕГЕ доллармен есептейді?

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов өзі басқаратын орталықтың басшылары қанша жалақы алатынын мәлімдеді.

Келімбетов жалақыны НЕГЕ доллармен есептейді?
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Мәжіліске келіп, журналистердің сұрақтарына жауап берген Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметкерлерінің жалақысына ешқандай бонус қосылмайтынын, айлықтары «Бәйтерек» холдингіндегі менеджерлердің жалақысымен шамалас екенін мәлімдеді. Сонда «бәйтеректіктер» қанша жалақы алады?

Қайрат Келімбетов былай деп жауап берді: «Менің ойымша, орта есеппен алғанда, «Бәйтеректегі» басқарушы қызметкерлер 5 мың доллар шамасында жалақы алады».

Қазақстанда орташа жалақы құбылып тұрады. Мәселен, жуырда ғана орташа жалақы 18,1 пайызға өсіп, 191,1 мың теңгеге жетті. Ал ең төменгі жалақы – 42 500 теңге.

Қайрат Нематұлының «менің ойымша», «орта есеппен алғанда» деп жақауратқанына қарағанда, қаржы орталығы қызметкерлерінің жалақысы басқаша болуы да мүмкін. Біз түсінбеген нәрсе мынау: Қайрат Келімбетов НЕГЕ жалақыны доллармен есептейді? Доллардың бүгінгі бағамымен (1 доллар – 387,28 теңге) алсақ, 5 мың доллар – 1 миллион 935 мың теңге болады екен.

Бәлкім, Келімбетов «қарамағымдағылар екі миллион теңгеге жуық жалақы алады» деп жұртты шошытпайын деген шығар? Сонда өзі қанша жалақы алады? Әлде Келімбетов жалақысын тек доллармен есептеп үйренген бе?

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев