USD
USD
USD

Келестік оқушыларға филиппиндік ұстаздар сабақ берді

Келес ауданы N2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясы мен Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы NIS-пен бірге тәжірибе алмасуда.

Түркістан облысы
Фото: Түркістан облысы

Түркістан, NEGE. Ауыл мектептерінің әлеуеттін арттыру мақсатында қолға алынған жоба аудан орталығындағы мектептің білім сапасын арттырып, материалдық техникалық базасын нығайта түспек. Жоба аясында шетелдік мұғалімдер де балаларға дәріс бермек дейді мектеп директоры Райхан Табылдиева:

– Білім беру процесінде оқытудың интерактивті түрлерін қолдану, әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету өте маңызды. Сондықтан осы оқу жылының басында Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы NIS-пен ынтымақтастық орнады. Сондай-ақ “Қазақстан халқына” қоры мектепке оқу кабинеттерін сыйлады. Бүгін мектебіміз ұстаздары білікті мектеп ұстаздарымен бірге балаларға сабақ берді. Солардың қатарында филиппиндік Gabriel Mozo Minas 7-сыныпқа, Princess Arguelles 11 сыныпқа сабақ өтті, – дейді мектеп директоры.

Айта кету керек, шетелдік білікті мұғалімдер балалардың ағылшын тілі бойынша айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым дағдыларын жетілдіру бағытында жұмыс жасады. Мектеп мұғалімдерімен ой бөлісіп, тәжірибе алмасты.

Мұндай жоба білім ордасында алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Қазір оқып жатыр

Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков