Референдум Референдум
USD
USD
USD

«Келешек» жүйесі: Қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?

10 қаңтар күні, ҚР Президенті «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды.

Келешек
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.

«Келешек» жүйесінің артықшылықтары: 
–  Биыл 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу 60 АЕК (235 920 теңге);
– жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу; 
– екінші деңгейдегі банктің сыйақысы немесе сақтандыру компаниясының инвестициялық кірісі
– жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген. 

«Келешек» шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып саналатын сақтандыру компанияларында ашуға болады.

Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК (айына 4 мың теңге шамасында) және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуі тиіс.

Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты қалай пайдалануға болады? 
– колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады. 
Білім беру грантын алған жағдайда қаражатты қайда жұмсауға болады?
– басқа техникалық және жоғары білім алуға;
– жинақтауды жалғастыруға;
– қаражатты ҚР азаматы болып саналатын үшінші тұлғаға аударуға;
– тұрғын үй алуға пайдалануға; 
– білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов