USD
USD
USD

Келешек мектептеріне қанша бала қабылданды

100 мыңға жуық оқушы жаңадан бой көтерген Келешек мектептеріне қабылданды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Келешек мектеп
Фото: Келешек мектеп

Астана, NEGE. Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Жаңа оқу жылында 100 мыңға жуық оқушы жоба аясында салынған 57 жаңа форматтағы мектепте білім алуды бастады.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығын, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған.

Аталған жоба аясында салынған мектептер бұрынғы жылдардағы типтік ғимараттардан айтарлықтай ерекшеленеді. Барлық кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп пайдалануға берілген еді. Жалпы ұлттық жоба аясында барлығы 217 мектеп салу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев