USD
USD
USD

Келешегі кемел саланың білікті жетекшісі

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде білім саласындағы жаңашылдықты игерген білімді мамандар ел игілігіне еңбек етуде. Сондай саланың бірі – ІТ саласы. 

Келешегі кемел саланың білікті жетекшісі
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шымкент қаласында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің оқу істері бойынша директордың орынбасары, PhD докторант  Диларам Баумуратова шәкірттерін келешегі кемел салаға бағыттап келеді.

Алғашқы еңбек жолын 2009 жылы осы колледжде арнайы пән мұғалім ретінде бастаған жас маман әу бастан өзінің ізденімпаздығы мен білімпаздығымен көзге түсті. Көп уақыт өтпей кафедра тізгінін қолға алып, ІТ саласына қатысты бағдарлама әзірлей бастады. 

Ол 2016 жылдан бастап  Жұмыспен қамту орталығы мен Кәсіпкерлер палатасы үшін  «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы мен  «ЭЕМ операторы» біліктілігі бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасын дайындаған.

Педагогтердің цифрлық білімдерін дамытуға және қашықтан білім беруді жетілдіруге 7 бағдарламаны қолданысқа енгізді. 

2020 жылдан бастап  «Talap» КЕАҚ бастамасымен М. Өтебаев колледжі базасында студенттер мен мұғалімдердің кәсіби жетілуіне ықпал ететін «CISCO ACADEMY» құрылған болатын. Академияға осы саланының білікті маманы Д.Баумуратовағажетекшілік етуде.  

Ұстаз өзі ізденумен шәкірттерін де бәсекеге қабілетті, сапалы маман болып шығуына белсене атсалысып жүр. Студенттері «WorldSkills Kazakhstan-2019» республикалық чемпионатында «Желілік және жүйелік басқару» құзыреттілігі бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

Тынымсыз еңбектің арқасында Диларам Бекболатқызы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» марапатталса, биыл «Үздік педагог-2021» байқауының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанды. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек