10 Қараша 13:24
...

Келесі жылдан бастап сайланған әкімдердің қызметі қатаң бақыланады

Шенеуніктер
Фото: ғаламтордан
Қазақстанда сайланған әкімдердің қызметіне мониторинг жүргізіледі. 

  Алматы, NEGE. 2024 жылғы 8 қарашада ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков 8-ші сайланған Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата отырысында әкімдердің сайлауалды бағдарламаларын іске асыру барысы, халықпен есеп беру кездесулерінің қорытындылары туралы айтты.

Жыл соңында тиісті ақпарат Президент Әкімшілігіне жіберіледі», – деді Бауыржан Омарбеков.

Ол 2025 жылдан бастап барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тағайындалмай, тек сайланатынын еске салды. Сайлау әкімдерді ротациялау мерзімі біткендіктен өткізіледі. Әкімдерді ауыстыру мен қайта сайлау кезеңі 2025 жылы басталады, оған қатысатын әкімдер саны – 36.

2023 жылы 42 аудан мен үш облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Аудандық қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерін сайлау да жалғасуда. Биыл барлығы ауыл әкімдерінің 93 пайызы сайланды.