USD
USD
USD

Келер жылы Салықтық әкімшілендіру жүйесі енгізіледі

2023 жылы Салықтық әкімшілендіру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

Келер жылы Салықтық әкімшілендіру жүйесі енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тауарларды бақылап отыру жүйесін одан әрі жетілдіретін боламыз. Оның аясында салықтық және кедендік әкімшілендіру жүйелерін толық интеграциялау жоспарлануда. 2023 жылдың соңына дейін Салықтық әкімшілендіру жүйесі және Интеграцияланған деректер базасы тәжірибелік пайдалануға енгізіледі. Кейіннен бұл жүйелер «Астана-1», «Е-терезе» және кедендік әкімшілендірудің жаңа жүйесімен интеграцияланатын болады. Сонымен қатар, белсенді қызметтерді алдын ала көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін біз екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланамыз. Нәтижесі салық салу жүйесін оңайлату, оның ішінде қызметтерді аутсорсингке беру және өз сервистерімізді дамыту болуы тиіс», - деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, биыл бір терезе қағидаты бойынша Ахуалдық орталық пен Электрондық декларациялау орталығын біріктіру жолымен Бас диспетчерлік басқарма құрылды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында орналасқан 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу пункттерін жаңғырту жүргізілуде. Жаңғыртылған өткізу пункттерінде интеграцияланған кедендік бақылау жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, навигациялық пломбалар кеңінен қолданылатын болады. Бұл жалған транзитті болдырмайды», - деді Ержан Біржанов.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек