USD
USD
USD

Келер жылы 380 мың ағаш отырғызылады

Алматыда келер жылы көгалдандыру жұмысы жалғасады.

Келер жылы 380 мың ағаш отырғызылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Jasyl Almaty: Алматыда келер жылы 380 мың ағаш отырғызыладыА. Алматы әкімі Б. Сағынтаев мегаполисті көгалдандыру шаралары туралы айтты.

Ол өзінің Instagram-дағы аккаунтында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев үш жыл ішінде Jasyl Almaty абаттандыру бағдарламасы бойынша 1 млн ағаш отырғызылатынын еске салды.

«Өткен жылы 135 мың ағаш егілсе, биыл 282 мың. Бұл бес жылдық норма. Көгалдандыру алаңы өткен жылғы 7,7 шаршы метрден бір адамға 8,5 шаршы метрге жетті. Келесі жылы тағы 380 мың ағаш отырғызамыз. Бес жаңа саябақ аймағы құрылады. 2022 жылы бір адамға жасыл желектердің ауданы 11 шаршы метрді құрайды. Норма бойынша 10 шаршы метр болуы керек», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Көгалдандыру жұмыстарына қарапайым қала тұрғындары, экобелсенділер, бизнес, құрылыс пен сауда компанияларының өкілдері қатысты. Олар көшеттер алып, команда болып жасыл белдеу құруға атсалысуда. Соның бірі Алатау ауданындағы - «Сосновый бор». 

«Жақында 65 га аумаққа 480 қылқан жапырақты ағаш отырғыздық. Бүгінде мұнда үш мыңға жуық ағаш бар. Бұл жер қаланың тартымды аймағына әрі оттегі фабрикасына айналады», - деді мегаполис әкімі.

Қазір оқып жатыр

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид