USD
USD
USD

Келер жылдан бастап сүт қымбаттайды

Елімізде сүт қымбаттап, тапшылық сезілуі мүмкін. Себебі сүт өнімдерін шығаратын зауыттардың көбі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық талабына сай емес, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Келер жылдан бастап сүт қымбаттайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандар 2020 жылы күшіне енетін ереже бойынша сүттің сапасы мен құрамы жіті тексерілетінін айтады. Отандық ірі кәсіпорындар қажетті шикізатты ауылдардағы кішігірім шаруа қожалықтарынан жинайды. Мұндай сүт жоғарыда айтылған техникалық талапқа сай келмейді. Қазақстанда сүт өнімдерін шығаратын 150-ге жуық зауыт бар. Келесі жылдан бастап Кеден одағының техникалық талабы күшіне енсе, кәсіпорындардың жұмысы тұралауы мүмкін. Бұл өз кезегінде сүттің жетіспеушілігіне әкеп соғады.

 «Енді техникалық талапқа сай келмейтін шикі сүтті қабылдауға болмайды. Себебі, оның ішінде антибиотик және басқа да рұқсат етілмеген заттар болса ол сүтті пайдалануға болмайды. Қазірдің өзінде сүт жетіспеушілігі бар. 1 қаңтардан бастап одан да қиын болады», – дейді Қазақстан сүт одағы Оңтүстік аймағының өкілі Дінмұхаммед Айсауытов.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент