USD
USD
USD

Келер жылдан бастап әскерден оралғандар университетте тегін оқи алады

Қорғаныс министрлігі мен жоғары оқу орындары әскери қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған бірлескен жобаны іске асыруға кірісіп кетті, деп хабарлайды stan.kz. 

Келер жылдан бастап әскерден оралғандар университетте тегін оқи алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сенсек, кеше Narxoz университетінің өкілдері Алматы облысындағы байланыс әскерлерінің оқу орталығында болып, әскери қызметшілерге мерзімді қызметті өткергеннен кейін жоғары оқу орнына түсу шарттарын түсіндірген.

Айта кетейік, екеуара келісімге Қорғаныс министрі мен 40-тан астам жоғары оқу орнының ректорлары қол қойған.

Осыған сәйкес белгіленген мерзімде қызметін өтеген және қызмет ету кезінде ерекшеленген әскери қызметшілерге жоғары оқу орындары тегін оқуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Құрлық әскерлері әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының өкілдері де әскери бөлімде болып, осындай кездесу өткізгенін атап өткен жөн.

Бұдан өзге алдағы уақытта Қазақ ұлттық аграрлық университетінің мамандарымен де кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.