USD
USD
USD

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушыларға зейнетақы жарнасына берілетін мемлекеттік қосымша төлем тоқтатылады.

ана мен бала
Фото: ЖИ арқылы әзірленді

Астана, NEGE. Бұл ретте әлеуметтік төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударыла береді, деп жазады uchet.kz.

Қазіргі уақытта бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем соңғы 24 айдағы әлеуметтік аударымдар жасалған орташа айлық табыстың 40 пайызы мөлшерінде есептеледі. Осы төлемнен 10 пайыз міндетті зейнетақы жарнасы ұсталады. Ал орташа айлық табыстың 10 пайызына дейінгі жетпейтін бөлігін мемлекет бюджеттен қосымша аударады.

2027 жылдан бастап не өзгереді?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік кодекстің бала күтімі бойынша төлем алушыларға бюджеттен субсидия беруді көздейтін 87-89-баптары күшін жояды. Осы күнге дейін тағайындалған субсидиялар да тоқтатылады. Осылайша, 2027 жылдан бастап БЖЗҚ-дағы шотқа тек әлеуметтік төлемнен ұсталған міндетті зейнетақы жарнасы аударылады.

Бұған қоса бала күтімі бойынша төлем анасына бекітіледі. Анасы бала бір жарым жасқа толғанға дейін жұмысқа шықса да, әлеуметтік төлем сақталады.

Мысалы, ананың орташа айлық табысы 500 мың теңге болса, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем 200 мың теңге болады. Осы сомадан 10 пайыз, яғни 20 мың теңге міндетті зейнетақы жарнасы ұсталады.

2026 жылдың соңына дейін мемлекет оған қосымша 30 мың теңге аударады. Демек, БЖЗҚ шотына ай сайын 50 мың теңге түседі.

Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы шотына тек 20 мың теңге аударылады.

Қазір оқып жатыр

Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға есептелген атомшылар қалашығы салынбақ

АЭС

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс

Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

әйел

Журналист Александра Алехованың жазасы жеңілдетіліп, кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат берілді

Александра Алехова