USD
USD
USD

Келер жыл биылғыдан ауыр болады – Италия премьері

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Рождество мерекесіне арналған құттықтау рәсімінде 2026 жылға болжам жасады.

facebook.com/giorgiameloni.paginaufficiale
Фото: facebook.com/giorgiameloni.paginaufficiale

Астана, NEGE. Джорджа Мелони Италия үкіметі аппаратының қызметкерлерін құттықтау сөзінде Рождестволық демалыс кезінде жақсылап тынығып алуға кеңес берді. Өйткені бұл оларға келер жылы «қажет болады».

«Біз – бір отбасы, бір командамыз, жыл бойы бірге күрестік. Өткен жыл бәріміз үшін ауыр жыл болды, бірақ уайымдамаңыздар, келер жыл одан да ауыр болады. Сондықтан осы мерекелерде жақсылап демалып алуларыңызға кеңес беремін. Себебі бірнеше күннен кейін біз қайтадан кездесіп, осы ғажайып елге жауап беруді жалғастырамыз», – деді премьер-министр.

Айта кетейік, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони биыл мамыр айында Қазақстанға ресми сапармен келіп, Астанада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізген еді. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту перспективасы талқыланды. 

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы