USD
USD
USD

Кексель – қорғануға құқы бар куәгер...

Ішкі істер министрлігі прокурорлар Бауыржан Ғаббасов пен Олеся Кексельге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады («Вот так поворот!», Время газеті).

Кексель – қорғануға құқы бар куәгер...
Фото: NEGE.kz

Ғаббасов пен Кексель ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 1-тармағы бойынша тергеуге тартылды. (Тергеушiнiң, анықтауды жүзеге асыратын адамның немесе өзге де лауазымды адамның не олардың айдап салуымен не олар біле тұрып немесе олардың үнсіз келісімімен басқа адамның азапталушыдан немесе басқа адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату не ол немесе басқа адам жасаған немесе жасады деп күдiк келтірілген әрекет үшiн оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi тұлғаны қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатымен немесе кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi).

Ортада - Б.Ғаббасов. Фото: liter.kz

Ортада - Б.Ғаббасов. Фото: Liter.kz

Бұл туралы бұрынғы Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға қатысты сот процесінде адвокат Хамида Айтқалиева мәлімдеді.

«Тергеуге себеп болған жайт – біздің қорғауымыздағы кәсіпкер Е.И.Нәбиевтің арызы. Ол Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы О.И.Кексель мен Бас прокуратураның жедел-тергеу тобының мүшесі Б.А.Ғаббасовтың заңсыз әрекеттері туралы жазған» деп мәлімдеген Айтқалиева соттан Нәбиевті кінәсіз деп тануды сұрады. Адвокат Нәбиевтің тергеу кезінде азапталғанын айтты

Адвокаттың сөзіне қарағанда, қылмыстық істі ІІМ-нің тәжірибелі тергеушілерінің бірі жетекшілік ететін жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Олеся Кексель қорғануға құқы бар куәгер ретінде сұралған.

Ирина Москвина, Қарағанды облысы.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп