USD
USD
USD

Кек алу үшін сүйіктісінің мемлекеттік нөмірін ұрлаған

Полиция ұрланған мемлекеттік нөмірлерді тауып, автокөлік иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кек алу үшін сүйіктісінің мемлекеттік нөмірін ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 маусым күні Қапшағай қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын үйінің ауласында тұрған автокөлігінің мемлекеттік нөмір белгілерінің ұрлағаны туралы арызданған.

Полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде күдікті 29 жастағы шағын аудандардың бірінің тұрғынын ұстады. Тұрғын өз кінәсін толық мойындады. Күдікті қарым-қатынастарын тоқтатқан сүйіктісінен кек алу мақсатында ұрлыққа барғанын жеткізді.

Енді ұсталған әйел адам заң алдында жауап береді. Күдіктіге қатысты “Ұрлық” (ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйелге үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

.